top of page

   Сулеймана Демирел атындағы колледж

 

                                                    Алматы қаласы, С.Торайгырова көшесі, 19                                                                                                                     

2011 жылы алғашқы оқушыларын қабылдаған Сүлейман Демирел атындағы

 

колледждің  құрылтайшысы -  «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қоры болып 

 

табылады. Аталған қордың қарамағында Республикамыздың бүкіл аймағында 

 

орналасқан 34 қазақ-түрік лицейлері, Тараздағы экономикалық колледж, СДУ.

 

Биылғы жылы алғашқы қазақ-түрік лицейлердің ашылуына  23 жыл толып отыр. 

 

Колледжді ашудың негізгі мақсаты – негізгі орта білімі бар Қазақстан 

 

Республикасының азаматтарына  сапалы білім және тәрбие беру.                

 

Колледж төменде көрсетілген  мамандықтар бойынша оқушыларды 

 

қабылдайды:

1. 0101000 – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» (Мектепке дейінгі        

 

                        ұйымдардың ағылшынша білімі бар тәрбиешісі),

2. 0105000 – «Бастауыш білім беру» (Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру

                      мұғалімі),

3. 0518000 – «Есеп және аудит» (Экономист-бухгалтер),

4. 1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»  

                    (Техник-бағдарламашы).

 

Колледждің ерекшелігі - көптілділікті оқытуды жетілдіру, тілдердің 

 

үштұғырлығын (қазақ, орыс, ағылшын тілдерін) дамыту мақсатында аталған 

 

мамандықтар бойынша жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді ағылшын тілінде 

 

оқытуды көздеген.  Сонымен бірге бауырлас түрік тілін де үйретуде.

 

Болашақта өз түлектерін Назарбаев Университетінде, Сүлейман Демирел 

 

атындағы университетінде т.б. отандық немесе шетелдегі жоғары оқу

 

орындарында  оқуларын жалғастыруға мүмкіндік туғызуға дайын оқытушылары

 

аянбай еңбек етуде.  

 

Бұған дәлел – оқытушылардың арасында «Болашақ» Президенттік бағдарламамен 

 

оқыған, шетелде университеттер мен магистратураны бітіргендер,

 

Республикамыздағы қазақ-түрік лицейлерінің , СДУ-дің түлектері.  Оқытушылар

 

құрамындағы докторанттар да ғылым мен тәжірибені байланыстырып дәріс

 

беруде. Колледждің педагогикалық ұжымы Сулейман Демирел атындағы

 

университетімен тығыз ғылыми және шығармашылық байланыс жасайды. 

 

2016 жылы 27 маусымнан бастап оқушылардың құжаттары оқуға қабылдау үлгі 

 

ережелеріне сәйкес қабылданады.

 

 Колледж абитуренттерінің құжаттар тізімі:

 

* Оқуға қабылдау туралы өтініш

 

* Негізгі орта білім куәлігі (түпнұсқасы)

 

* 086-У формадағы медициналық анықтама (флюоро суретімен)

 

* О63-У формадағы егу картасы (денсаулық паспорты)

 

* Туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің көшірмесі (4 нұсқасы)

 

* 3х4 өлшемді 6 фотосурет

 

* Мекен-жай анықтамасы

 

* 27.06.2016 - 31.07.2016 аралығында құшаттар қабылдау мерзімі

 

* 1 - 22 тамыз 2016 жылы аралығында қабылдау емтиханы.

Қабылдау емтиханы 6 тамыз 2016 жылы.

Емтихан:

0105000 – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» - Қазақ тілі (орыс тілі), ағылшын тілі.

«Бастауыш білім беру» - Қазақ тілі (орыс тілі), ағылшын тілі.

0518000 – «Есеп және аудит» (Экономист-бухгалтер) - Математика, Қазақ тілі (орыс тілі).

1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»

                     (Техник-бағдарламашы) - Математика, Қазақ тілі (орыс тілі).

Колледж түлегі оқуың арықарай СДУ-інде немесе басқа жоғарғы оқу 

орындарында 2-ші курстан жалғастыра алады.

Абитуриенттерге!

Адрес:

480043,

Алматы қ,
С. Торайгыров көш. 19.

Контакты:

8 (701) 202 0030

тел: 8 (727) 265 2747

факс: 8 (727) 229 7766

  • Белая иконка facebook
  • Иконка Twitter с прозрачным фоном
  • Иконка tumblr белого цвета
  • белая иконка youtube

БІРЛЕСТІК

 + + + + + + + + + 

 

БАУЫРЛАСТЫҚ

Достық

+ көмек +

Құрмет

Қолдау

Қара
Бөліс
Оқы
Лайк
bottom of page