top of page

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі

Жыл ішінде жалгыз, қайталанбас, əсем күн бар жəне де осы күнді адам атаулысы ең керемет тіршілік иелері əйел адамдарга арналган. Яғни, ең бастысы, өміріміздің ұлы тұлғалары - аналарымыздың мейрамы.

«Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ.»- деп Ғабит Мүсірепов атамыз айтпақшы аналарымыздың қадірін біліп, олар үшін тек бір күн ғана емес олардың бүкіл өмірін мерекеге айналдыруымвз керек

Жалпы алғанда бұл күннің шығу тарихын шолып өтер болсақ . 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі 1857 жылы Нью-Йорк қаласында болған көтеріліспен байланысты.Бұл көтеріліске тігін шеберханаларымен аяқ киім фабрикасында еңбек ететін әйелдер шыққан болатын. Олардың қойған талаптары:

10-сағаттық жұмыс, жарық және құрғақ бөлмелерде жұмыс жасау, ер азаматтардың алатын жалақы мөлшерімен бірдей жалақы алу еді. Ол кезде әйелдер қауымы тәулігіне 16-сағат жұмыс жасап, еңбек ақыларына болмашы жалақы алатын болған. Ерлер өздерінің табандылықтарының арқасында жұмыс уақытын 10-сағатқа түсірген болатын. АҚШ-тың көптеген мекемелерінде кәсіподақ ұйымдары құрыла бастады. 1857 жылдың 8-наурызынан кейін әйелдер қауымының да кәсіподақ ұйымы құрылды. Бұл ұйымның бірінші мүшелері болып әйелдер тіркелді. Дәл осы күні АҚШ-тың көптеген қаласында өздеріне дауыс беру құқығын беруді талап етіп жүздеген әйелдер көтеріліске шықты.

Міні осы сəттен бастап бұл күнді аналар , қарындастар, əпкелер мен жұбайларға арналған күн деп жариялады.


Featured Posts
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Recent Posts
Archive
Search By Tags
Тегов пока нет.
Follow Us
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page